12 Қыркүйек, 10:42 279 0 Білім Анар ЛЕПЕСОВА

Тіршілікке қолайлы экзоғаламшар анықталды

Астрономдар алғаш рет Күн жүйесінен тыс орналасқан экзопланетаны анықтады. Зерттеу барысында ғаламшардан су «бу күйінде» табылып отыр, деп хабарлайды CNN.

Экзопланетаның атауы - K2-18b, ол Жер ғаламшарынан 8 есе ауыр. Жер мен Нептун салмағының орта қосындысын құрайтын, супер жер немесе экзо ғаламшар деп аталады.

Ең алғаш рет 2015 жылы NASA Kepler  ғарыш аппаратының көмегімен анықталған. 2016 жылдан бері зерттеу жүргізген ғалымдар бұл ғаламшардың атмосферасынан су тапқан. Олар сондай-ақ судың сигнатурасы мен атмосферадағы гелийді бақылап, бұл екеуінің ғаламдағы ең көп тараған элемент екенін айтты.

Экзопланета атмосферасынан суды бу күйінде анықтау және бұл ғаламшардың жұлдыздарды айналуда тіршілікке қолайлы екендігін дәлелдеу арқылы ғалымдар сұйық судың да пайда болатынына кәміл сенімді. Яғни, аталған ғаламшарда тіршіліктің пайда болуы немесе адам өміріне қолайлы жағдай жасау әбден мүмкін.

Ғалымдардың зерттеуі Nature Astronomy журналында жарық көрді. «K2-18b екінші Жер ғаламшары емес, өйткені, оның массасы тым ауыр және атмосфера құрамы әр түрлі. Алайда, бұл бәрімізді толғандырған сұраққа жауап іздеуге түрткі болып отыр: Жер ғаламшары мінсіз бе? Зерттеу жалғаса береді» деді Лондон университеті жанындағы колледж, ғарыш Экзохимия орталығының ғылыми қызметкері Ангелос Циарас.

Бір қызығы, экзопланета өз жұлдызын әр 33 күн сайын айналады және Жердің Күнге қашықтығымен салыстырғанда, бұл ғаламшар өз жұлдызына әлдеқайда жақын орналасқан. Бірақ оның жұлдызы күнмен салыстырғанда, суық. Сондықтан Жердегі температура мен бұл экзопланетадағы ауа температурасы ұқсас. Ғалымдар алдағы онжылдықта ғылымда бұрын соңды болмаған жаңалық ашамыз деп отыр, себебі, экзоғаламшардағы адам өміріне арналған жағдай Жерден де қолайлы болуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар