11 Қыркүйек, 15:11 568 0 Спорт Túrkіstan International Political Weekly

Ковалев Альварестен неге қорқады?

Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев 2 қарашада мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған.

Тараптар толық келісімге келмеген, келісімшартқа қол қойылмаған. Альварес келісімге келмей қалады деп Ковалев қорқатын сыңайлы. Ресейлік боксшы "Канеломен" жұдырықтаса алмай қалған жағдайға қосымша амал ойласытырып отырғанын айтады.

Ресейлік БАҚ өкілдері хабарлауынша, Ковалев Артур Бетербиев - Александр Гвоздик жекпе-жегінің жеңімпазымен титулдар біріктіретін кездесу өткізуді ойластырып жүр екен.

"Альвареспен жекпе-жек өткізе алмасам, Гвоздик - Бетербиев жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасамын", - деген боксшының өзі.

Жартылай ауыр салмақта WBC чемпионы украиналық Александр Гвоздик IBF белбеуінің иегері Артур Бетербиевпен 18 қазан Филадельфиядағы бокс кешінде жұдырықтасады.

Соңғы жаңалықтар