Лукашенко: Минск АҚШ-тың астанасы болады

Лукашенко: Минск АҚШ-тың астанасы болады

Лукашенко: Минск АҚШ-тың астанасы болады
ашық дереккөзі
Белоруссия президенті Александр Лукашенко «Динамо» стадионындағы Еуропа мен АҚШ құрамаларының ойыны шеңберінде өткен жеңілатлетикалық жарыстардың ашылуында сөз сөйледі. Лукашенко салтанатты жиында ел күтпеген мәлімдеме жасады. «Екі жылдан кейін Минск Америка Құрама штаттарының астанасы болады», – деді Белоруссия президенті әзілдеп. Лукашенко дәл осы ойынды Минскте 2021 жылы да өткізуді ұсынды. Бұл жарыстарды Еуропа мен АҚШ кезектесе өткізеді. Алайда 2021 жылы АҚШ жеңіл атлетика бойынша чемпионат өткізетіндіктен, матч ұйымдастыру мүмкіндігінен қағылады. Сондықтан Белоруссия президенті аталмыш кездесуді өз жерінде тағы бір мәрте, қазіргіден де жоғары деңгейде өткізуге ниетті. «Минск АҚШ астанасы болады дегенім – бұл ойынды АҚШ өткізуі керек. Біз Дональд Трамппен келісеміз. 2021 жылы ол сайлауда жеңіске жетіп, дәл осы стадионға, ғасыр ойынының астанасына келеді деп ойлаймын», – деп толықтырды Лукашенко.