Ресейдің шартына көнсе, Украина арзан газға қол жеткізеді

Ресейдің шартына көнсе, Украина арзан газға қол жеткізеді

Ресейдің шартына көнсе, Украина арзан газға қол жеткізеді
ашық дереккөзі
Егер Киев ресейлік көгілдір отынды тікелей тасымалдауға келісім берсе, украиндықтар көршінің газын 25 пайыз жеңілдікпен ала алады. Бұл туралы «Газпромның» басқарма басшысы Алексей Миллер Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде айтты, деп хабарлайды Федералды жаңалықтар агенттігі. Миллердің сөзінше, екіжақты келіссөздердегі негізгі мәселе – транзит туралы сөз қозғамай, Украинаға газды тікелей жеткізу.  Әзірге Киев ресейлік газды еуропалық алыпсатарлардан айтарлықтай қымбат бағаға алып отыр. Бұған қоса, Миллер Путинге ресейлік ең ірі газ алпауыты – «Сила Сибири» құбырының құрылысы қалай жүріп жатқанын баяндады. «Газпром» басшысының сөзінше, 2019 жылдың 1 желтоқсанында компания Қытайға газ тасымалдауды бастамақ.