Айнұр Бағдатқызы «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті болып тағайындалды

Айнұр Бағдатқызы «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті болып тағайындалды

Айнұр Бағдатқызы «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Білім және ғылым вице-министрі Рустем Биғари «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл туралы bolashak.gov.kz хабарлады. Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа президенті болып Айнұр Бағдатқызы Кәрібозова тағайындалды.
1978 жылы туған. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде Лондон экономика мектебінің «Мемлекеттік басқару және менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
2000–2019 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Ақпарат және талдау басқармасы, Қазақстанның Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядағы елшіліктерінде қызмет етіп, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің директоры, «KazakhInvest» АҚ және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының Ұлыбританиядағы өкілдіктерінің басшысы лауазымдарын атқарған. Бірінші сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.