9 Қыркүйек 2019, 14:26 691 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Несиесі кешірілгендерді не күтіп тұр?

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың борыш жүктемесін жеңілдету туралы Жарлығынан кейін жеңілдікке ие болғандарды не күтіп тұр? Несиесі кешірілгендер  «қара тізімге» ене ме? Бұл сұрақтарға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков жауап берді. 

«Кепілсіз тұтынушылық несиесінің бір бөлігі кешірілгендерге қатысты «қара тізім» жоқ. Бұл – мемлекеттік тұрғыда қабылданған бір реттік акция. Оның ешқандай негативті факторы жоқ. Сәйкесінше, несиесі кешірілген адамға да негативті әсері болмайды. Бүгін оның қарызының кешірілуі келешекте басқа  несие алуына ешқандай кедергі келтірмейді», – деді Ұлттық банк өкілі.

Оның дерегінше, бүгінге дейін борыш жүктемесін жеңілдету бойынша 507 мың қазақстандық анықталған.

Соңғы жаңалықтар