9 Қыркүйек, 14:28 245 0 Өндіріс Túrkіstan International Political Weekly

Қытайлық ірі компанияның желісі Қазақстанда ашылуы мүмкін

Қазақстанда әлемдегі ең ірі Alibaba электронды сауда компаниясының желісі ашылуы мүмкін. Бұл жайында бүгін ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

«Біздің  министрліктің негізі бағыттарының бірі электронды сауданы дамыту болмақ. Бұл бағытта үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. Таяудағы Мәскеуге сапарым барысында Ресейдегі №1 желі –Wildberries-пен келісімге қол қойдық. Олар бізге, Қазақстанда  электронды сауданы дамытуға көмектеседі», - деді ол ведомствоның Мемлекет басшысының таяудағы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған алқа отырысында.

Сонымен қатар министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-12 қыркүйектегі Қытайға сапары барысында  Alibaba жүйесімен Танысу жоспарланып отырғандығын айтты.

«Мемлекет басшысының таяу күндердегі Қытай халық Республикасына сапар аясында Alibaba жүйесімен танысу жоспарланып отыр. Ынтымақтастық және осы жерде меншікті желісін дамыту, электронды сауда жүйесінде отандық тауарларды ілгерілету мәселесін талқылаймыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

 

Соңғы жаңалықтар