Дене шынықтыру сабағында көз жұмған оқушының ұстаздары жазаланды

Дене шынықтыру сабағында көз жұмған оқушының ұстаздары жазаланды

Дене шынықтыру сабағында көз жұмған оқушының ұстаздары жазаланды
ашық дереккөзі
Үстіне футбол қақпасы құлап, мерт болған қазығұрттық оқушының өлімінен кейін жергілікті шенеуніктер, мектеп басшылығы және дене шынықтыру пәні мұғалімі жазаланды. 8-сынып оқушының дене шынықтыру сабағы кезіндегі оқыс өлімі түздегі баласы үшін онсыз да алаңдап отыратын ата-аналардың үрейін күшейтті. Оқиғадан кейін Түркістан облысының Қазығұрт ауданында кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссияның шұғыл отырысы өткен. Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша, алгоритм негізінде болған жайт туралы 3 сағат көлемінде хабарлануы тиіс.Ақпаратты білім саласындағы тиісті органдарға жеткізу керек болған. Алайда аталған бұйрық орындалмаған. Комиссия жұмысы мен тергеу амалдарының нәтижесінде кінәлі тұлғалардың, соның ішінде Әуезов атындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әбдіғаппар Есенбековтің  жауапкершілігі қаралды. Мұғалім жұмысынан уақытша шеттетілген. Облыстық полиция департаментінің тергеу бөлімінің басшысы Қайбар Мәліктің мәлімдеуінше, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұдан бөлек, мектеп директоры Ескендір Мұсақұлов пен оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Қанат Исабаевқа «атқарып отырған қызметіне лайық емес» деп жарияланды. Ал білім бөлімі басшысының орынбасары Әлия Егізек қатаң сөгіс, аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов сөгіс алды. Брифингте спорт залдарында спорттық заттарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара жүргізілетіні мәлімденді. Бұл ретте мини-футбол немесе гандбол ойнаған кезде қақпаны бекіту мәселелесі қаралды.