6 Қыркүйек 2019, 18:41 523 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Елордада «Қаламгер» драмасының тұсаукесері өтті

Бұл туралы «Хабар» агенттігі хабарлады.

Көркем фильмнің сценарийін - Сержан Зәкерұлы  жазған. Картинада өткен ғасырдың 70-80-жылдарында өмір сүрген қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығы суреттеледі. Сол замандағы дүйім жұрттың барын баптап, жоғын жоқтаумен жүрген қарымы мол қазақ жазушыларының  бастан кешкен нәубеттері, заман мен адам ағымындағы қарама-қайшылықтар, билік пен бұқара арасындағы байланыс осы фильмге арқау болған.

«Жазушылар Одағының биік мінберінде партияның жалынды үндеулері жарияланса, Жазушылар үйінің іргесіндегі «Қаламгер» дәмханасында айтылатын әңгімелердің ауаны тіпті басқа болатын. Компартия нұсқауларының күші жүрмейтін, цензураның қамыты қыспайтын, жазушылардың ойын ашық айтып, әзілі мен астарлы әңгімесі, қалжыңы мен қағытпасы қатар жүретін «Қаламгер» дәмханасы сол кездегі қоғамның шынайы бет-пердесінің символы ретінде алынып отыр. Аталмыш драма бір жағы - қолына қалам ұстаған жазушы қауымды меңзесе, астарлы мағынасында қаламгер қауымның тәуелсіздікке ұмтылған бұлқынысы, ішіне сыймаған шерлерін тарқататын орын - «Қаламгер» дәмханасы жайында болады», - дейді картинаның режиссері Мұрат Бидосов.

Картинада басты рөлдерді Бағдаулет Шаймахан, Жалғас Толғанбай, Наргиз Алтайбай, Ергенбай Абуев, Досжан Жанботаев, Балтабай Сейітмамытов, Кенен Ақүрпеков, Айдар Аманбай және т.б. актерлар сомдайды. Айта кетейік, туынды 12 қыркүйектен бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіледі.

Тэгтер қаламгер

Соңғы жаңалықтар