Каратэден Дархан Асаділов Жапониядағы Премьер-лига кезеңінің финалына шықты

Каратэден Дархан Асаділов Жапониядағы Премьер-лига кезеңінің финалына шықты

Каратэден Дархан Асаділов Жапониядағы Премьер-лига кезеңінің финалына шықты
ашық дереккөзі
Бүгін Токиода каратэден кезекті  Премьер-лига басталды. Жарыстың брінші күнінде ерлер 60, 67 және 75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаса, қыздар 50, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Ерлерден 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов жарысты жеңіспен бастады. Әлемдік рейтинг көшбасшысы бірінші айналымда испаниялық спортшы Ортиз Фернандесті, кейін Стефан Викторды жеңді. Жартылай финалдық жолдаманы сарапқа саларда Дархан бразилиялық қарсыласы Рафаэл Насиментодан айласын асырды. Тартысты бәсеке 10:0 есебімен қазақстандық спортшының еншісіне шешілді. Ал жартылай финалда әлем рейтингінде 11-ші орында тұрған Иран спортшысы, өзінің бұрынғы қарсыласы Хасан Маджидпен кездесіп, кездесуді 6:0 есебімен аяқтады. Премьер-лиганың финалында Дархан Асаділов әлем рейтингінде 2-орында тұрған Әлем чемпионы италиялық Анджело Кречензомен кездеседі. Сондай-ақ, жастар арасындағы әлем чемпионы Еркінбек Байтөреев бірнші айналымда өте тәжірибелі спортшымен кездесті. Азия ойындарының жүлдегері, БАО спортшысы Абдалла Альхарбиді жеңсе, екінші айналымда румыняялықты оңай ұтты. Одан кейінгі қарсыласы ресейлік Евгений Плахутинді 2:0 есебімен жеңді. Алайда, Еркінбек жартылай финалда түркиялық Самадана Ерайға жо беріп, жарысты тоқтатты. Финалдық кездесулер 8 қыркүйекке жоспарланған.