Алматы облысы елордада өтетін жәрмеңкеге 330 тоннадан астам өнім әкеледі

Алматы облысы елордада өтетін жәрмеңкеге 330 тоннадан астам өнім әкеледі

Алматы облысы елордада өтетін жәрмеңкеге 330 тоннадан астам өнім әкеледі
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда қыркүйектің 7-8 күндері өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Алматы облысының шаруалары 330,9 тонна өнім әкеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  Қыркүйектің 7-8 күндері аралығында бекітілген жоспарға сәйкес, Алматы және Қостанай облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді. Аталған жәрмеңкеге жетісу өңірінің 17 аудан, 3 қала және «Жетісу» ӘКК» Акционерлік Қоғамы қатысады. Астана тұрғындарына жалпы құны 163 млн. теңгеден асатын көлемі 330,9 тонна 48-ден астам ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері ұсынылады. Оның ішінде жылқы еті – 8,8 тонна, сиыр еті - 14,6 тонна, қой еті - 9,0 тонна, құс еті – 0,4 тонна, балық өнімдері – 15,7 тонна, көкөніс – 105,1 тонна, алма, жеміс-жидек – 32,2 тонна, картоп – 39,1 тонна, сүт өнімдері – 14,5 тонна, шұбат пен қымыз - 2,9 тонна, күріш - 16,2 тонна, ұн - 5,8 тонна, қант – 7,0 тонна, бал – 0,5 тонна, жұмыртқа - 16,3 мың дана, бакалея өнімдері - 2,4 тонна және басқа өнім түрлері – 88,5 тонна. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тауарлар бағалары елордадағы бөлшек сауда бағаларынан 15-20 пайызға төмен болады. Жәрмеңке екі күн бойы сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жалғасады. Келушілер үшін Алматы облысының өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынады.