Асылбек Қожахметов белсенді азаматтарға назар аударды

Асылбек Қожахметов белсенді азаматтарға назар аударды

Асылбек Қожахметов белсенді азаматтарға назар аударды
ашық дереккөзі
«Almaty Management University» президенті, қоғамдық қайраткері Асылбек Қожахметов белсенді азаматтарды ұлттық компаниялардың директорлар кеңесіне енгізуді ұсынды.  «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың квазимемлекеттік секторды қысқарту туралы ұсынысын қолдаймыз. Қазақстанның бүкіл экономикасының 60 пайыздан астамын құрайтын аталмыш сектор жұмысының ашықтығы мен есептілігін арттыру мақсатында бір білікті азаматтық белсендіні әр ұлттық компаниялардың – «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «Казагро» және олардың еншілес компанияларының директорлар кеңесіне, сондай-ақ, өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың  директорлар кеңесіне енгізуді ұсынамын», - деді ол елордадағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында. Еске сала кетсек, бүгін елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда. Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз лауазымдарына сәйкес Ұлттық кеңестің құрамына кіреді.