5 Қыркүйек, 10:58 319 0 Аймақ Túrkistan Gazeti

Әлем журналистері – Түркістанда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын халықаралық деңгейде таныту мақсатында шетелдік журналистердің қатысуымен облыстағы тарихи-мәдени орындарға баспасөз туры ұйымдастырылды. Түркістан облысына бір топ шетелдік басылымдардың тілшілері келіп, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне саяхат жасады.

Аустрия, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Қытай, Мысыр, Ұлы­бри­тания, Үндістан, Франция, Швеция, Швейцария сынды мемлекеттердің 20-ға жуық журналисі Тұран даласының тарихымен танысуды Арыстанбаб кесенесінен бастады. Ондағы көне жәдігерлердің архитектуралық ерекшелігі мен тарихи мән-маңызы журналистердің қызығушылығын оятты.

Мұнан кейін «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен көне Отырар қалашығын аралап көрді. Арнайы жайылған дастарқандағы ұлттық тағамдардан дәм татты. Бұдан соң журналистер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде де болды. Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан шаһарының бай тарихымен танысқан шетелдік әріптестер Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығын да аралап көрді.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы шеңберінде өтіп жатқан баспасөз турлары туризмді дамытуға және  Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

«Түркістан-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар