Елордада «Акселератор Нұр-Сұлтан» атты жаңа бағдарлама іске қосылды

Елордада «Акселератор Нұр-Сұлтан» атты жаңа бағдарлама іске қосылды

Елордада «Акселератор Нұр-Сұлтан» атты жаңа бағдарлама іске қосылды
ашық дереккөзі
«Seedspace Nur-Sultan» инновациялық алаңында  «Акселератор Нұр-Сұлтан» ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Бұл – әкімдіктің қала тұрғындарымен жұмысын айқын көрсететін,  елорданың белсенді тұрғындарын, бақыланатын құрылымдарды,  жекеменшік компанияларды қаланың тіршілігін қамтамасыз ету  мәселелерін шешуде біріктіретін ортақ алаң. Акселератордың назарында астананың әрбір тұрғынын  мазалайтын 3 маңызды мәселе тұр. Бұл – қоғамдық көлік, ПИК  қызметі және елорданы санитарлық тазалау. Бағыттардың әрқайсысы бойынша қаланың ағымдағы  жағдайын жақсартуға ықпал ететін бірегей шешімдерді әзірлеу  және енгізу, сондай-ақ алға қойған мақсаттарға 100 күнде қол жеткізу күтіледі. Қала әкім орынбасары Малика Бектұрова айтып өткендей, бұл  бастаманың негізгі міндеті – қалалық қауымдастықтың идеялары мен  ұсыныстарын, түйткілді мәселелерін бірлесіп шешу. «Біз қалалық акселераторлардың халықаралық  тәжірибесін қолданамыз, оған айқын мысалдың бірі – Дубай қаласы. Бізде сынақ режимінде әкімдіктің өкілдері,  белсенді қала тұрғындары және қоғамдық ұйымдардан құрылған штаб жұмыс істейді, ол акселератордың бүкіл жұмысын жүйелендіреді және байланыстырады», - деді Малика  Бектұрова. Акселератордың жұмыс нәтижелері арнайы www.nursultansmartaccelerator.com сайтында және Smart Astana мобильдік қолданбасында жарияланатын болады.