Президент жолдауда тіл жайына ерекше тоқталды

Президент жолдауда тіл жайына ерекше тоқталды

Президент жолдауда тіл жайына ерекше тоқталды
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялауда. Жолдау орнынан Ақорданың Twitter парақшасы. едел-жедел хабар таратуда. «Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр», - деді Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында. ҚР Президенті сондай-ақ, тіл мәселесіне тоқталды. "Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек", – деді Қ.Тоқаев.