29 Тамыз, 17:09 562 0 Жаһан Túrkistan Gazeti

Қырғызстанда Атамбаевты ұстау оқиғасының мән-жайын анықтау үшін мемкомиссия құрылды

2019 жылғы 7-8 тамызда Шу облысының Аламудун ауданының Қой-Таш ауылында болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Аталмыш шешімге Қырғыз Республикасының премьер-министрі Мухаммедқали Абылғазиев қол қойған. Бұл жөнінде Қырғыз Республикасы Үкіметі аппаратын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі мәлім етті.

Жоғарғы Кенештің «2019 жылғы 7 және 8 тамызда Қырғыз Республикасы Шу облысы Аламудун ауданы Қой-Таш ауылында орын алған жағдай туралы» қаулысын орындау үшін бұйрыққа қол қойылды. Мақсат – 2019 жылғы 7 және 8 тамызда Қой-Таш ауылында орын алған жағдайды жан-жақты және объективті түрде зерттеу.

Мемлекеттік комиссияға бір айдың ішінде Жоғарғы Кеңешті ақпараттандыру мақсатында мәселені зерттеп, тұжырым жасап шығаруға тапсырма берілді.

Тэгтер Атамбаев

Соңғы жаңалықтар