Мұстафа Өзтүрік: Жақсы өмірді қимасам, Германияда қалар едім

Мұстафа Өзтүрік: Жақсы өмірді қимасам, Германияда қалар едім

Мұстафа Өзтүрік: Жақсы өмірді қимасам, Германияда қалар едім
ашық дереккөзі
Әр заман, әр дәуірде өмір сүргеніне қарамастан біртуар тұлғалардың халық мүддесі, ел ісі, ұлт арманы дегенде пікірі бір жерден шығатын мемлекетшілдік қасиеті қуантады. Біз осындай дара тұлғалардың ұлтқа, мемлекетке қатысты айтқандарынан үзінділер іріктеп, баспасөз бетінде жариялауды мақсат тұтып, «Үштаған»  деген атпен жаңа айдар ашып отырмыз. Бұл айдарға әр қилы уақытта, яғни кеңестік жүйеге дейінгі және Кеңес одағы тұсында өмір сүрген тұлғалар мен Тәуелсіз Қазақстан заманында ғұмыр кешкен ұлт қайраткерлерінің пікірін бермекпіз.    Ақ болсын, қызыл болсын, маған бәрібір. Мен Қазақ елінің мүддесін көздейтін үкіметті ғана жақ­тай­мын. Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі. Ахмет Байтұрсынұлы   Егер, мен жақсы өмірді қимасам, Германияда қалар едім.  Ал, мен саналы түрде өз халқыммен бірге болып, бар қиын­шы­лықтарды бірге көруге бел будым. Адам өмірінде мақсат болуы керек.  Ал, ол – мемлекет, халық мүддесіне сай келгенде ғана мағыналы. Мұстафа Өзтүрік   Совет одағы тарқаған шақта, мен Қазақстанның байырғы тұрғыны ретінде, қазақ ретінде Отаным бар екенін, сонда барып тәуелсіз респуб­лика құруға көмектесетінімді ұқ­тым. Қазақстанның бір түйір құм еке­нін түсіндім. Бұрын ол жағажай еді, енді мемлекет болатын болды. Енді оған ешкім тиісіп, ренжітпеуі керек. Сол бір түйір құмның үлкен тасқа айналуы үшін қызмет етуге кірістім. Тоқтар Әубәкіров