28 Тамыз, 21:32 359 0 Аймақ Túrkistan Gazeti

Арыста 7 мыңнан астам үй қалпына келтірілді

Арыс қаласында 7262 үйдің негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, оның 549-ында косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

«Ауқымды құрылысқа 4 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Барлығы 472 тұрғын үй апатты деп танылды. Бүгінгі күні құрылысшылар 18 үйді тапсырды, тағы 125 үйдің әрлеу жұмыстары аяқталуда. Тұрғын үй қорының нысандарын толық қалпына келтіру Арыстың 10 секторында жүргізіледі және 20 қыркүйекке дейін аяқталады», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Тағы 2 мыңға жуық құрылысшы 10 әлеуметтік және 187 бизнес-нысанды қайта жаңартады.

Тэгтер Арыс

Соңғы жаңалықтар