28 Тамыз, 21:29 430 0 Дін Túrkistan Gazeti

«Зекет» қоры 13 мыңдай балаға тегін оқу құралдарын таратты

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры өңірлердегі өкілдіктерімен және өкіл имамдармен біріге отыра, «Мектепке жол» акциясын өткізуде.

Діни басқарманың мәліметінше, акция аясында республика бойынша 12 968 балаға оқу құрал-жабдықтары салынған мектеп сөмкелері мен мектеп формаларын таратты, сондай-ақ қаржылай көмек те көрсетілді. Олардың қатарында көпбалалы жəне мұқтаж отбасылардың балалары, арнайы балаларға қамқорлық танытатын бірлестік жəне ұйымдарының балалары да бар. Мысалы, Түркістан облысы бойынша 3502 оқушыға көмек көрсетілсе, Жамбыл облысында 1054 балаға оқуына қажетті құрал-жабдықтары таратылды.

«Мектепке жол» акциясы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен жыл сайын еліміз бойынша мыңдаған балалар мен олардың ата-аналарын қуантуда. Мектепке дайындық маусымында ұйымдастырылып жатқан игі акция қыркүйек айында да өз жалғасын таба бермек.

Соңғы жаңалықтар