Чемпиондық кездесу Головкинге зиян. Неге?

Чемпиондық кездесу Головкинге зиян. Неге?

Чемпиондық кездесу Головкинге зиян. Неге?
ашық дереккөзі
ESPN арнасының сарапшысы Фернандо Барбоз қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жегінен не күтетінін айтты. Боксшылар IBF белбеуі үшін 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. "Деревянченконың Головкинмен жекпе-жекте қандай стильде жұдырықтасатыны қызық болып тұр. Екі боксшы да агрессивті жұдырықтасады. Олар бірден алға шығып, кеңістікті өз бақылауына алғысы келеді. Бұл GGG үшін айтарлықтай сынақ болады. Мен Головкин жеңеді деп ойлаймын, бірақ, оңайлықпен жете алмас. Тіпті бұл жекпе-жек "Канеломен" трилогия алдында оны әлсіретіп тастауы да мүмкін", - дейді Барбоза. Айта кетейік, боксшылар баспасөз мәслихатын өткізіп, көзге тік қарасты. Деревянченко "Головкиннің дәуірі өтіп бара жатқанын" айтты, ал қазақстандық қарсыласының күшін мойындап, нағыз шоу көрсетуге уәде берді.