Раушан Қажыбаева жаңа қызметке тағайындалды

Раушан Қажыбаева жаңа қызметке тағайындалды

Раушан Қажыбаева жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Раушан Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде хабарлады. "Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Сондай-ақ республикалық "КТК" және "Қазақстан" телеарналарында жұмыс істеген", - делінген Берік Уәлидің жазбасында. Раушан Қажыбаева 1978 жылы 3 қазанда Торғай облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.