27 Тамыз, 11:26 341 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Биыл 4300 қарағандылық баспаналы болады

Биылғы жылы Қарағанды облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 4 300 пәтер салу жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Тайхан Қалмаханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4300 пәтердің 1 722-сі бүгінде пайдалануға берілген. Жоспар бойынша жыл соңына дейін «Үш жапырақ» шағын ауданында 576 пәтер тапсырылуы тиіс. Тағы 1054-і «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қолданысқа енгізілмек. «Биыл 376 отбасыға баспаналар «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тапсырылады. Ол жеңілдетілген ипотеканы жылдық 2% мөлшерлемесімен ресімдеуді көздейді.

Сондай-ақ, биыл  жалға берілетін 1243 пәтер пайдалануға беріледі. Оның ішінде 776 пәтердің кілттері көпбалалы отбасыларға үлестіріледі. 467 пәтерді әлеуметтік осал топтар санатына кіретін азаматтар алады. Осылайша, тұрғын үйге кезекте тұрған көпбалалы отбасылар саны 1464-тен 688-ге дейін қысқарады», - делінген әкімдік ақпаратында.  Мәлім етілгендей, биылғы жылдың шілде айына дейін 168 көпбалалы отбасы пәтер алды. Облыстық және республикалық бюджет есебінен олар үшін тұрғын үй екінші деңгейлі нарықтан сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 204 пәтерді сатып алу және табыс ету жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар