Пойыздың астында қалып, екі аяғынан айырылған келіншекке қатысты туыстары түсінік берді

Пойыздың астында қалып, екі аяғынан айырылған келіншекке қатысты туыстары түсінік берді

Пойыздың астында қалып, екі аяғынан айырылған келіншекке қатысты туыстары түсінік берді
ашық дереккөзі
Ақтөбеде 33 жастағы Гүлжанат Бұхарбаева екі аяғынан айырылды. Келіншектің туған-туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 19 тамыз күні ақтөбелік келіншектің пойыз астында қалып, екі аяғынан айырылғаны туралы жазған болатынбыз.  Жансақтау бөлімінде жатып, ем қабылдауын жалғастырған Гүлжанат Бұхарбаеваның енесі мән-жайды айтып берді. «Келінім 1 күн жұмыс істеп, 1 күн демалады. Негізі түнгі кезекте тұрған адамдар бір күн жұмыс істеген соң екі күн демалуы тиіс. Гүлжанат 18 тамыз күні кешкі сағат 20:00-де жұмысқа кірісті, таңда 8:00-де шықты. Содан соң жиналысқа қатысқан. Пойыз жүрген кезде басы айналып кетіп, құлаған. Оның алдында, яғни, тамыз айының басында суық тиіп ауырып, ем алып еді. Сол күні «су ішетін де уақыт болмады» деп жанындағы әріптестеріне айтқан», - деді Шалқар қаласының тұрғыны Ақдәрі Бұхарбаева. Оқиғаның тіркелгеніне 7 күн болды. Гүлжанат Бұхарбаева есін жиғанымен туған-туыстары өткен жайтты қозғап, жанын ауыртпауды жөн көрген. Мән-жайды қазбалап сұрауға да қорқады. Алдағы уақытта науқас санавиациямен облыс орталығына жеткізілуі мүмкін. «Келінім өте жақсы. Үш баласы бар. Үлкені 12, кішісі 6 жаста. Жақсы, жайдарлы адам туралы түрлі қауесет тарап жатқан соң бұл оқиғаның оқыс жағдай екенін түсіндіргіміз келеді. Теміржол саласында оқып, 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Жұмысына адал қызметкердің басына түскен істі өндірістік жағдай деп қабылдауын сұраймыз», - деді Ақдәрі Бұхарбаева.