26 Тамыз, 16:24 241 0 Технологиялар Túrkіstan International Political Weekly

Бақша балалары робот жасауды үйренбек

Курчатов қаласындағы "Журавушка" балабақшасында роботты техника үйірмесі ашылды.

Онда бүлдіршіндер жаңа технологиялардың қыр-сырын меңгереді. Бұл кабинетті жабдықтауға төрт миллион теңге жұмсалды. Оған жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Сондай-ақ қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

Осылайша, курчатовтық балақайлар биылғы оқу жылында конструктор жинауды меңгеріп, түрлі-түсті гаммамен танысып, сызбамен жұмыс істеуді үйренеді.

"Кабинетте бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған", - дейді балабақша директорының міндетін атқарушы Ольга Ильина.

Бүгінде аталмыш үйірмені жүргізетін барлық қызметкер арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білімдерін шыңдап қайтыпты. Мұндағы басты мақсат – бүлдіршіндерге саналы тәрбие беріп, сапалы білім нәрімен сусындату.

"Мұндай үйірме әзірше, облыс бойынша біздің қалада ғана ашылды", - дейді Ольга Ильина.

Тэгтер робот

Соңғы жаңалықтар