26 Тамыз, 12:55 217 0 Көлік Túrkіstan International Political Weekly

Әл-Фараби даңғылында 80 шақырым жылдамдықпен жүруге болады

Алматының әл-Фараби даңғылында сағатына 80 шақырым  жылдамдықпен  жүруге рұқсат беретін белгілер пайда болды. 

Өзгерістер әл-Фараби даңғылының кейбір учаскелерінде байқалады. Жол қызметкерлері жылдамдықты шектеу белгілерін 80 км/сағ ауыстыруды жалғастыруда.

Еске салайық, осы жылдың 15 қаңтарынан бастап қаладағы жол-көлік оқиғаларын азайту, сондай-ақ жолдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында көлік жылдамдығы Шығыс айналма жолы, әл-Фараби даңғылы, Саин көшесінде  сағатына 80 шақырымнан, 60 шақырымға  төмендетілген болатын. Ол кезде шаһарға Бауыржан Байбек басшылық еткен еді.

Кейін қаланың жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram-парақшасына аталмыш жол учаскелерінде сағатына 80 шақырыммен жүруге қайта рұқсат беру туралы өтініштер түсе бастады. Нәтижесінде, яғни 19 тамыз күні әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында сағатына 80 шақырыммен жүруге рұқсат берілді.

 

Соңғы жаңалықтар