26 Тамыз 2019, 11:57 1368 0 Поэзия Túrkіstan International Political Weekly

«Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» оқырманға жол тартпақ

26 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» антологиясының тұсаукесер рәсімі өтпек.

Оқырман қауымға мұндай сүйінші хабарды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жеткізді.

"Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен «Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» антологиясы жарыққа шықты.Бұл топтамаға Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев, Қадір Мырзәлі, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов және Мұхтар Шаханов сынды, жалпы 13 ақынның шығармалары енгізілген.
Мемлекет басшысының бастамасымен көрнекті ақындарымыздың шығармаларынан құрастырылған мұндай топтамаларды жарыққа шығару алдағы уақытта да жалғасатын болады", - деді Берік Уәли.

Тұсаукесер рәсіміне ҚР Парламентінің депутаттары, ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, журналистер қатысады деп күтілуде. Тұсаукесер сағат 15.00 жоспарланған.

 

Соңғы жаңалықтар