Тасмағамбетов "Жаңа толқын" байқауында сөз сөйледі

Тасмағамбетов "Жаңа толқын" байқауында сөз сөйледі

Тасмағамбетов "Жаңа толқын" байқауында сөз сөйледі
ашық дереккөзі
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Игорь Крутойдың "Жаңа толқындағы" шығармашылық кешінде құрметті қонағы болды. "Жаңа толқын" байқауындағы шығармашылық кеш композитор Игорь Крутойдың 65 жас мерейтойына арналған. Иманғали Тасмағамбетов сахнаға шығып, орден табыстады. "Ресей Федерациясының халық әртісі, композитор Игорь Крутойдың жан-жақты жұмысы Қазақстанда жоғары деңгейде бағаланады. Сондықтан, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Игорь Крутой республиканың ең жоғары мемлекеттік наградасы - "Достық" орденімен марапатталады", - деді Тасмағамбетов өз сөзінде. "Менің бұл марапатқа қатысым жоқ. Қазір менің әнімді орындайтын топ шығады. Мен бұл марапатқа атақты "Крутые" тобы лайықты деп есептеймін", - деді Игорь Крутой. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шілдеде Игорь Крутойды II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойған.