Дастин Порье Нурмагомедовты сабауға уәде берді

Дастин Порье Нурмагомедовты сабауға уәде берді

Дастин Порье Нурмагомедовты сабауға уәде берді
ашық дереккөзі
Жеңіл салмақта UFC-дің уақытша чемпионы және Хабиб Нурмагомедовтің алдағы қарсыласы Дастин Порье ресейлік файтерді қан-жоса қылып сабауға уәде берді. Америкалықтың сөзінше, ол кез келген қарсыласқа қиындық туғыза алады. "Әлемдегі кез келген адамды қинай аламын. Уәде беремін, ол қан-жоса болады. Қолымнан не келетінін білемін. Оны қорқынышты біреу деп айтпас едім. Бірақ оның партердегі жұмысы, тейкдаун жасауы - мен төбелескендердің ішіндегі ең үздігі", - деді Порье MMAFighting-ге берген сұхбатында. Айта кетсек, жеңіл салмақта UFC чемпионы титулы сарапқа салынатын Нурмагомедов пен Порье жекпе-жегі 7 қыркүйекте Әбу-Дабиде өтеді. Америкалық файтердің еншісінде 25 жеңіс пен 5 жеңіліс бар, ал ресейлік спортшы өзі шыққан 27 жекпе-жектің бәрін жеңіспен аяқтаған.