23 Тамыз, 13:47 284 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Алматыда жоғары білім берудің қосымша грант иелерінің тізімі шықты

2019 жылғы тамыздың 5-10 аралығында қосымша 190 білім беру грантын тағайындау үшін құжаттар  қабылданды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Байқауға 129 абитуриент қатысып, олардың 102-і білім гранттарын иеленді.

Айта кетерлігі, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша гранттарды Білім және ғылым министрлігі бөлген еді. Бұл гранттар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатындағы мектеп түлектеріне ғана берілді.

Тэгтер Алматы грант

Соңғы жаңалықтар