23 Тамыз 2019, 10:24 522 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Елорда әкімі мұғалімдерге тұрғын үй сертификаттарын табыс етті

Астана әкімі Алтай Көлгінов тамыз конференциясында 15 ұстазға 1 млн теңгеден тұрғын үй сертификаттарын табыс етті. Сонымен қатар 3 мекемеге 10 млн теңгеден әкім гранты табысталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Конференцияда қала әкімі Елбасының бастамасымен қолға алынған «Педагог мәртебесі туралы» заң мұғалімнің мәртебесін арттырып қана қоймай, оның еліміздің дамуындағы басты рөлін де атап өтті.

«Мұғалімдерге қосымша жүктемелер жүктелді, қоғамдық шараларға тартылды. Президент педагогтарды өзіне тән емес функциялардан босатуды тапсырды. Мұғалімдер өз ісімен айналысуы керек - баларды үйретіп, білім беру», - деді А. Көлгінов.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ 4 жыл ішінде жалақыны кезең-кезеңмен 2 есеге арттыруды тапсырды. Сонымен қатар мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады. Өткен жылдан бастап жеңілдікті несиелеу үшін бастапқы жарна ретінде 1 млн.теңгеден 275 тұрғын үй сертификаты берілді. Келесі жылдан бастап салынайын деп жатқан қолжетімді тұрғын үй көлемі ұлғайтылатын болады. Әкімнің айтуынша, педагогтардың біліктілігін арттыру мен оларды дайындауға ерекше көңіл бөлу қажет. Қалада шамамен 200 мұғалім тапшы.

«Жаңа оқу жылының алдында біз күн сайын білім беру нысандарын аралаймыз, оқу жылына дайындық барысын бақылаймыз және барлық проблемаларды көріп отырмыз. Біріншіден, бұл сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Тек соңғы 10 жылда мектептер саны 1,5 есеге өсті: 73 мектептен және 75 мың оқушыдан 108 мектепке дейін, онда қыркүйек айынан бастап 185 мың оқушы оқитын болады. Алдағы 5 жылда 40 білім беру нысанының құрылысы жоспарланған,оның ішінде жеке инвесторлардың салатын мектептері де бар. Екіншіден, салынып жатқан нысандарды инклюзивті білім беру талаптарын ескере отырып жобалау қажет»,-деді А. Көлгінов.

Қала әкімі азаматтарды қабылдау кезінде ата-аналар балаларға мектеп киімін таңдау туралы өтініш білдіргенін атап өтті. Өйткені ұсынылған киім мөлшері бойынша әрқашан сәйкес келе бермейді және сапасыз материалдардан тігіледі. Егер өткен жылы "жалпыға міндетті білім беру" қоры аясында 1700 бала көмек алса, биыл 9 мың өтініш түскен. Әкімдік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірге 9 дүкенде мектеп формасын сатып алуға сертификаттар береді. Ата-аналар кез келген ұнаған тауарды таңдай алады.

Сонымен қатар, тамыз конференциясында мұғалімдер тек қана балалардың білім алуына ғана емес, сонымен қатар балалардың эмоционалдық және әлеуметтік жағдайын жіті бақылау қажеттілігін атап өтілді. Қала әкімі ұстаздарға еңбегі үшін алғыс айтып, алда ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар