Қыркүйекте қазақстандықтар қандай мерекелерді атап өтеді

Қыркүйекте қазақстандықтар қандай мерекелерді атап өтеді

Қыркүйекте қазақстандықтар қандай мерекелерді атап өтеді
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының азаматтары қыркүйек айында сегіз кәсіби мерекені атап өтеді. Қыркүйектегі күнтізбеде сегіз кәсіби және басқа да мерекелер бар: Білім күні – 1 қыркүйек (биыл жексенбіге тура келіп тұр); Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі (1 қыркүйек); Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі (8 қыркүйек); Қазақстан халқының тілдер күні – қыркүйектің үшінші жексенбісі (15 қыркүйек); Атом саласы қызметкерлері күні – 28 қыркүйек (сенбі); Машина жасаушылар күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі (29 қыркүйекке дөп келіп тұр); Еңбек күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі (29 қыркүйек); Әділет органдары қызметкерлерінің күні - 30 қыркүйек (дүйсенбі). Айта кетейік, кәсіби және ұлттық және мемлекеттік мереке мәртебесін алмаған басқа мерекелерді азаматтардың кей санаттары атап өтеді. Яғни, аталған мереке күндері, егер әдеткі демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) тура келмесе, Қазақстанда демалыс күні болып саналмайды.