NASA астронавтары ашық ғарышқа шықты

NASA астронавтары ашық ғарышқа шықты

NASA астронавтары ашық ғарышқа шықты
ашық дереккөзі
NASA астронавтары Ник Хейг мен Эндрю Морган 21 тамызда Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) ХҒС Harmony америкалық сегментінде жаңа түйісу қондырғысын орнату үшін ғарышқа шықты, деп хабарлайды NASA. Жаңа International Docking Adapter түйістіру құрылғысын станцияға шілде айында жеткізген болатын. Ол орнатылғаннан кейін коммерциялық корабльдердің ХҒС америкалық сегементтерімен түйісуіне мүмкіндік тумақ. Бұл жолғы ашық ғарышқа шығу Ника Хейганға - үшінші, ал Эндрю Морганға бірінші рет болды. Қазіргі уақытта ХҒС-тің негізгі экипажына ресейлік Алексей Овчинин мен Александр Скворцов, астронавтар - Ник Хейг, Кристина Кох, Эндрю Морган (NASA) және Лука Пармитано (Еуропалық ғарыш агенттігі) кіріп отыр.