21 Тамыз, 19:36 321 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Мемлекет басшысы Әлтайыр Ахметовты жаңа қызметке тағайындады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет Басшысының Өкімдерімен:

Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды;

Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар