20 Тамыз 2019, 16:24 489 0 Әлеумет Túrkistan Gazeti

Петропавлда таксист пен жолаушы төбелесіп қалды

Петропавлда такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер 58 жастағы такси жүргізушісі мен 44 жастағы жолаушы арасында кикілжің болғанын растады. «Петропавл қаласының полиция басқармасына төбелес туралы қоңырау түскен. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Жолаушы сот-медициналық сараптамадан өтуге жіберілді. Сараптама нәтижесі белгілі болғаннан кейін полицейлер процессуалдық шешім қабылдайды», - деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар