Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте жоғарылады

Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте жоғарылады

Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте жоғарылады
ашық дереккөзі
Мексиканың Лос Кабос қаласында өткен ATP санатындағы жарыста ширек финалға дейін жеткен қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте жоғарылады. Бұл туралв Егемен Қазақстан газетінің сайты хабарлады.  Үздіктер тізімінде 2 сатыға жоғарылаған жерлесіміз қазіргі кезде АТР рейтингінде 44-орында тұр. Бұл – қазақстандық теннис­шілер арасындағы ең үздік нәтиже. Осыған дейінгі Михаил Кукушкиннің ең жақсы көрсеткіші – 39-орын болатын. Соңғы уақытта Александр Бублик те жақсы ойын өрне­гімен көзге түсіп, рейтингте жоғарылап келеді. Бублик бүгінде 808 ұпаймен 75-орында. Ал Александр Недовесов ТОП-200 теннисшінің қатарында. Қыздар арасындағы рейтингте Юлия Путинцева да сайыс сайын үздік нәтиже көрсетеді. Өткен рейтингіде 42-орында болса, бұл жолы үш саты жоғарылап 39-орынға жайғасты. Ал бұған дейін Қазақстанның үшінші ракеткасы саналып келген Елена Рыбакина екінші орындағы Зарина Диасты басып озды. Жаңартылған рейтингте Рыбакина 67-ші, Диас 77-орында тұр.