16 Тамыз, 17:46 369 0 Жаһан Túrkistan Gazeti

Индонезия президенті ел астанасын Борнео аралына ауыстыруды ұсынды

Индонезия президенті Джоко Видодо жұма, 16 тамыз күні парламентке елдің астанасын Джакарта қаласынан Калимантан (Борнео) аралына ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Reuters.

«Мен сіздерден ұлттық астананы Калимантанға ауыстыру үшін рұқсат сұраймын», - деді мемлекет басшысы республика тәуелсіздігінің 74 жылдығына арналған салтанатты жиында. Президенттің айтуынша, жаңа астана халықтың экономикалық әділдікке ұмтылысын көрсетеді. Видодо жаңа астананың нақты орнын атаған жоқ. Калимантан — 743 330 шаршы шақырымды құрайтын аумағы бойынша әлемдегі үшінші арал. Оны Индонезия, Малайзия және Бруней бөлісіп жатыр. Арал Азияның оңтүстік-шығысында, Малай архипелагы орталығында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар