16 Тамыз, 13:10 546 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Президент үздік педагогтарды марапаттады

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жаңа оқу жылының қарсаңындағы дәстүрлі Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білімді дамытудағы ерен еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар педагогтарды «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс xатымен, «Ы. Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар