15 Тамыз, 18:35 493 0 Жаһан Túrkistan Gazeti

Мәскеу маңында ұшақ апатты күйде қонып, 55 адам зардап шекті

Ресейдің «Уральские авиалинии» әуе компаниясының Airbus A321 жолаушылар ұшағы Жуковский әуежайы аумағына апатты күйде қонды. Ұшақ Симферопольге ұшып бара жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Жедел қызмет дерегі бойынша, ол жолақтан бір шақырым қашықтықта, Рыбаки ауылына жақын жердегі жүгері алқабына қонған. Барлық жолаушылар эвакуацияланды. Ұшақтың бортында 230 адам, соның ішінде 223 жолаушы - 41 бала болған.

Жедел қызметтегі дереккөздің мәліметінше, ұшақтың қозғалтқышы өртене бастаған. Ал, борт өрттен аман қалған. Ұшақтың қозғалтқышы қонып жатқан кезде жанып, түсіп қалған. Әуе компаниясының бас директоры Сергей Скуратов апаттық қонудың дұрыс орындалғанын, ұшқыштардың әуе кемесінің өртеніп кетуіне жол бермегенін хабарлады. Оқиға салдарынан 55 адам, соның ішінде 17 бала зардап шекті. Алты адам, соның ішінде бесеуі (біреуі бала) Раменский ауруханасына, бірі – Жуковский ауруханасына жеткізілген. Адамдар жеңіл жарақат алған. Барлық жолаушылар сақтандырылған, сондықтан өтемақы алады.

Оқиға орнында 20 жедел жәрдем бригадасы және екі тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Әуе тасымалдаушының бас директоры Сергей Скуратовтың дерегі бойынша, ұшақтың екі қозғалтқышы да істен шыққан. Оған құс кіріп кеткен. Ұшақ айтарлықтай зақымдалып, таяу уақытта рейс жасамайды. Қонып жатқан кезде оның тонналаған отыны ағып кеткен. Көлік прокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Арнайы комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар