14 Тамыз, 17:31 206 0 Аймақ Túrkistan Gazeti

Алматыда сел қаупі сейілді

Алматы тұрғындары үшін сел қаупі сейілді. Қарғалы өзенінің арнасында су штаттық режімде ағып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА хабарлады. 

Соңғы әуе барлау нәтижесі бойынша №1 мұз көлінде су деңгейі 6-7 метрге төмендегені анықталды. 20-25 мың текше метр су ағызылған. «Қазселденқорғау» МК мамандарының айтуынша, бұл су басуды тасқын деп қарастыруға болмайды. Өйткені, тас, құм, лай болған жоқ. Судың лайлылығы төмендеп келеді. Наурызбай, Алатау, Әуезов аудандарында бақылау мен қауіпсіздік шаралары үшін арнайы жұмыскерлер мен техника күзетке тұрады», - деді ТЖК баспасөз қызметі.

Қарғалы өзенінің ағыны штаттық режімге көшті. Плотина аймағында ахуалды «Қазселденқорғау» МК мамандары бақылап отыр. Бөгеттен төмен Алатау ауданына дейін ТЖД мамандарының қарауында. Аулаларды, көшелерді су басу жағдайлары тіркелмеді.

 

Тэгтер Алматы сел

Соңғы жаңалықтар