47 баланың анасы

47 баланың анасы

47 баланың анасы
ашық дереккөзі
Жетім... Біздің қоғам ата-ана қарауынсыз қалған тастандыларға осындай атау берген. Мұздай суық әрі тастай қатты сөз. Жүрек сыздатарлық бұл атау қазіргі күде көбеймесе азаяр емес. Неге? Заман азғындады ма әлде адам ба белгісіз. Әйтеуір, жетімдер үйінің есігін сығалаған ұрпақ көп. Не іздеуі, не сұрауы жоқ көше кезген қаңғыбасқа айналған балалардың өміріне кім жауапты? Өзімдікі деп тапқан бауыретін өзекке тепкен әке мен шеше ме, әлде, сол далада шашылған баланы жинай алмай отырған билік пе? Бұл өте үлкен мәселе. Ұлқа үлкен қауіп төндіретіні даусыз. Себебі, бірнеше миллион ғана халқы бар еліміздің ертеңі жастардың қолында. Ал, біздің біршама елім дер ерлеріміз бен қарагөздеріміз ата-ана махаббатынан ада қалып, жастық шағын жалтақтаумен өткізіп, жетімдіктің ащы дәмән татып өсіп келеді. Шекара асып шет елдің азаматы атанғаны қаншама. Оның өзі бөлек тарау, бөлек әңгіме. Психологтардың айтуынша балалар үйінің тәрбиеленушілері көбінесе қоғамнан шетте қалып қалады. Сондай ақ ол балдырғандардың сағы сынғыш, жүйкесі әлсіз болады. Десе де, мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдай да аз емес. Балақайлардың киім кешегі мен жатын орны, ішіп-жем тамағы өкіметтің мойнында. Панасыз қалған тастандылар да білім алуға құқылы ғой. Мемлекет оған да жағдай жасап отыр. Сондай ақ, жетімдер үйінің жеткіншектеріне қоғам белсенділері де қолдан келген көмекті аяп жатқан жоқ. Алайда, біз оларға бал мен май берсек те, әке мен ананың берген қара суының орнын толтыра алмасы өкінішті. Қилы тағдырды бастан кешіп, өмір атты өткелдің ащы тырнағына ерте іліккен бейкүнә жүректердің жарасы емделмесі анық. Десе де, олар да қоғамның бір бөлшегі. Біз жесірін сыйлап, жетімін жылатпайтұғын қазақ деген ел емес па едік... Осы сөзге тұздық болсын, өз ортамызда болып жатқан оқиғалар адам мейірмділігінің шегі жоқ екенін дәлелдей береді. Қалай дейсіз ғой. Қазіргі таңда елімізде осындай ата-ана қарауынсыз қалған бөбектерді панасына алып, біршамасының басын біріктірп, айрандай ұйып отырған отбасылар қаншама. Өзінің қаны болмаса да өзгенің бөбегін бауырына басып, аяқтандырып, сынған қанатқа жан бітірген мейірбан жандар аз емес. Өз маңдай терімен еңбектеніп, тапқан бір таба нанын сол балалардың аузына тосқан асыраушыларға деген құрмет те ерекше болуы тиіс. Менің бұл сөзіме өмірден алынған оқиғаларды суреттейтін, жаңадан жарық көргелі жатқан «47 баланың анасы» телесериалы дәлел. 47 тағдырды тоғыстырған ананың өмірі кез келгенге үлгі-өнеге болары анық. “QAZAQSTAN” ұлттық арнасынан көрерменге жол тартқан мелодрама жуырда көгілдір экранға шығады. Өмірдің ащы шындығынан сыр шертетін бұл фильм өзекті мәселенің шешілуіне мұрындық болса құба-құп емес пе?! Осындай мәдениет үлгілері ұлттың мәселесіне қарлығаштың қанатымен су сепкендей пайдасын тигізсе деген ой әр көкректе сайрап тұр. Еліміздің бір жыртығы жамалса ол біз үшін үлкен жеңіс!