13 Тамыз, 17:55 221 0 Қоғам Túrkistan Gazeti

Қостанай облысындағы орман шаруашылығында өрт шықты

Алтынсарин ауданының орман шаруашылығында өрт шығып, арнайы техника жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 12 тамыз күні 18:00-де болған. «Басбек және Первомай ауылдарының арасындағы Арақарағай орман шаруашылығында өрт шықты. 4,1 аумақты қарағай, қайың қалдықтары жанды», - деп хабарлады ТЖД өкілдері. Алды ала болжам бойынша, өрт қатты желдің әсерінен болған. Салдарынан электр беру желілеріндегі сымдардың қысқа тұйықталуынан, от ұшқыны пайда болды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру кезінде орман шаруашылығына тиесілі бір арнайы техника жанып кетті.

Соңғы жаңалықтар