9 Тамыз, 16:00 324 0 Денсаулық Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

4 мың түрлі дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітілді

Pile of pills in blister packs
Pile of pills in blister packs

Қазақстандықтар дәрі-дәрмектің шекті бағасын бірнеше ақпарат көзінен біле алады. 

«Біз заңнаманы жетілдіру бағытында негізгі жұмысты жүргіздік. Атап айтқанда, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың айналымы бойынша жұмыс ретке келтірілді. Өздеріңіз білетіндей, дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасын реттеу құзыреті Денсаулық сақтау министрлігіне беріліп, бағаны реттеу ережелері бекітілген болатын. Қазіргі уақытта көтерме-бөлшек сауда кезінде дәрі-дәрмектің 4 мың түрі бойынша шекті баға бекітілді», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, дәрі-дәрмектің шекті баға бойынша тізімін Денсаулық сақтау министрлігінің, комитеттің, аумақтық департаменттердің, Ұлттық сараптау орталығының сайтынан және «DDari.kz мобильді қосымшасынан білуге болады. «Яғни, осы ақпарат көздерінен 4000 түрлі дәрі-дәрмектің бекітілген бағасын білуге болады. Өндірушілердің бәрі баға бойынша өтінімін беріп үлгерген жоқ. Сол себепті, осы айдың соңына дейін тағы 1500 дәрі-дәрмек түрінің шекті бағасы бекітіледі», - деді Людмила Бюрабекова.

Соңғы жаңалықтар