OCCRP: "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысын Интерпол іздеуде

OCCRP: "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысын Интерпол іздеуде

OCCRP: "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысын Интерпол іздеуде
ашық дереккөзі
Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу жөніндегі жобаның (OCCRP) 5 тамызда хабарлауынша, "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданды Интерпол арқылы іздестіріп жатыр. Ардан Қазақстанда алғашқы жеңілрельсті көлік жүйесі (LRT) құрылысын жүргізген муниципалды көлік компаниясын үш жыл басқарған. Ол бұл қызметтен 2017 жылы шығарылған. Бір жылдан соң прокуратура компанияның экс-менеджерін тексерген. Биыл Қазақстанның жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Арданға қылмыстық іс қозғап, күдіктіні қамауға алу туралы сотқа арыз түсірді. Сот шешім шығарған. Өткен аптада Интерпол оны халықаралық іздеудегілердің тізіміне қосты. Astana Times басылымының 5 тамызда хабарлауынша, LRT құрылысы тежелген, астана билігі оның құрылысына бөлінген бюджет жобасын 350 миллион долларға қысқартқан. Дегенмен қала әкімшілігі бірнеше ай бойы тоқтап тұрған құрылысты қайта жалғастыруға тырысып жатыр. Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен елдің қазіргі басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаны сынап, оның бастапқы құны 1,8 миллиард доллар болғанын, онымен байланысты инвестициялық ауыртпалықты айтқан. 2015 жылы Қазақстан үкіметі 1,5 миллиард долларды Қытайдың даму банкінен LRT жобасын жүзеге асыру үшін қарызға алған. Шамамен 250 миллион доллар "Астана банкінде" бұғатталған, ал қаржы мекемесінің басшыларын ақша жымқырды деп айыптаған. 2018 жылы банк жұмысы тоқтады. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Күлгіновтің хабарлауынша, үнемдеу мақсатында LRT бағытындағы аялдама саны 18-ден 11-ге қысқарды, ал көлік саны 19-дан 12-ге азайды. Қаржы министрлігі құрылысты аяқтап, Қытайға қарызды өтеу үшін облигациялар шығаруды ұсынған.