Сот төрелігін сапалы жүзеге асыру

Сот төрелігін сапалы жүзеге асыру

Сот төрелігін сапалы жүзеге асыру
ашық дереккөзі
Сот жүйесіндегі жасалып жатқан өзгерістер мен заңнамаларды жетілдірудегі басты мақсат біреу ғана. Ол сот төрелігін сапалы жүзеге асыру. Бұл барлық сатыдағы соттарға тән әрі ортақ міндет. Аталмыш мәселе Алматы қаласы Алатау аудандық сотында «Сот төрелігін сапалы жүзеге асыру» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге арқау болды. Аудандық соттың судьясы Талғат Мақулов төрағалық еткен дөңгелек үстел жұмысына Алатау аудандық бөлім прокурорлары, Алатау аудандық полиция департамеполиция департаментнің өкілдері және аудандық соттың басқа да судьялары қатысты. «Сот билігі тәуелсіздігімен және тек заңға ғана бағынуымен ерекшеленеді. Оны жүзеге асырушы тұлға болып табылатын судьялардың қызметі, мәртебесі ең әуелі Конституциямен және конституциялық заңдармен белгіленгені мәлім. Осы ретте, судьялар үшін заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот төрелігін сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру бірінші кезектегі міндет болуы тиіс»,- деді Талғат Абдуллаұлы. Бұдан бөлек сот төрелігінің халыққа қолжетілімдігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған шаралар талқыға түсті. Бұл тұрғыда БАҚ беттерінде құқықтық түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі айрықша аталды. Сондай-ақ, шараға қатысушылар іс қарау мерзімінің сақталуын, сот отырыстарының көрсетілген уақытта басталуын, сот актілерінің уақтылы берілуін, сот шешімдерінің сот орындаушылары тарапынан орындалуын және басқа мәселелерді сөз етті. Өйткені, аталмыш мәселелердің тиісті деңгейде орындалуы өз кезегінде сот төрелігінің сапалы жүзеге асуының кепілі болмақ деді қатысушылар.