Мемлекетік емес ұйымдармен өткен кездесу

Мемлекетік емес ұйымдармен өткен кездесу

Мемлекетік емес ұйымдармен өткен кездесу
ашық дереккөзі
Алматы қаласы Алатау аудандық сотында «Сот жүйесінің жеті түйіні» сотсыз татуласу орталықтарын құру, мәселені сотқа дейінгі шешу бағдарламасы аясында мемлекеттік емес ұйымдар мен аудан әкімдігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Іс шараға Алатау аудандық сотының төраға міндетін атқарушы Н.Қарабаев, Алатау аудандық сотының судьялары, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-нің кәсіби медиаторлары Е.Тауасаров, Н.Мықтыбаева, «Түркістан» республикалық газетінің тілшісі Арман Құдайберген қатысты. Кездесудегі алғы сөзді алғыс сөзден бастаған Алатау аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Н.Қарабаев:- Осындай қоғамға пайдалы болар жиынға жұмыла ат салысуға келген барлықтарыңызға алғыс білдіремін деп бастады. Медиация – яғни бітімгерлікке келу жолдарын күшейту қоғам үшін аса маңызды мәселе. Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Қажманұлы да осы мәселеге аса назар аударады, бітімгершілікке келу жолдарын күшейтіп, медиация институттарын көбейту жолы қойылды. Біз де өз тарапымыздан осы орайда өздеріңізбен ой бөлісуді жөн көрдік. Өз тараптарыңыздан қосар ойларыңызбен, айтар ақылдарыңызды тыңдауға, аудандық сотта өз біліктілігімен бөлісіп, бітімгерлікке келтіріп жүрген кәсіби медиаторлар шақыртылды - деді. Өз сөзінде кәсіби медиатор Е.Тауасаров - Біздің басты міндетіміз қылмыстық және азаматтық істерді бейбіт әрі жеңіл түрде шешу. Шағын және орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасап тұрған адам медиация көмегімен, яғни біздің әріптестеріміздің көмегімен жәбірленушімен бірге бір келісімге келіп және келтірілген зиянды өтеген жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 68-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілігінен босатылады. Біз өз тарапымыздан ол босатылған тарапқа міндетті түрде түсіндірме жасап, тіпті кейде қылмыс қайталанған жағдайды керісінше қиын болатынын, сол отырыстарда қатысыуға мүмкіндік алып, жазаңыздың ауырлатуын сұраймыз деп, қайталамас үшін жағдайлар жасаймыз-деді. Ал, кәсіби медиатор Н.Мықтыбаева қылмыстық істерде ғана емес, азаматтық істерде ағайындық араз бен көрші дауларын шешуде де ат салысып, бірге жұмыс жасасақ деген ұсыныс тастады. Әсіресе ажырасу мәселесінде үлкен жұмыстар жасап, алдын алу қажет екендігін ескертті. Жиынға қатысқан әкімшілік өкілдері де өз ойларымен бөлісіп, жұмыла жұмыс жасауды қолдады. Кездесу соңында қатысушылар қозғалған түйткілді мәселелерден ой түйіп, азаматтық істерде медиацияның берері мол, керегі көп екенін айтып, өзара қарым-қатынас жасау арқылы жұмыстар жасау туралы шешім қабылдады