Ғани Нығметов жаңа қызметке тағайындалды

Ғани Нығметов жаңа қызметке тағайындалды

Ғани Нығметов жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының Өкімімен Ғани Сақтағанұлы Нығметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабаралды. 35 жыл бұрын (1983) Еуразиялық интеграция институтының директоры НЫҒЫМЕТОВ Ғани Сақтағанұлы дүниеге келді. Ақтөбе облысы Шалқар қаласында туған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, халықаралық қатынастар маманы (2005); Монтерей халықаралық зерттеу институты («Болашақ» бағдарламасының стипенлиаты), Монтерей, Калифорния, АҚШ, мемлекеттік басқару магистрі (2007); Назарбаев Университеті және Дьюк Университеті (АҚШ), Жоғары бизнес мектебі Астана қаласы, іскерлік әкімшілендіру магистрі (2014); Колумбия университеті, бизнес-мектеп және т.б. Еңбек жолы: БҰҰ Даму бағдарламасы ТҚҚ ДБ штаб пәтерінде тағылымдамадан өтуші (02.2007-07.2007); ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ мемлекеттік басқару департаменті жобасының менеджері (2007-2009); «Назарбаев Университеті» халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2009-2012); Назарбаев Университеті «Энергетикалық зерттеу орталығы» бас директорының орынбасары (01.2012-11.2012 «Nazarbayev University Research and Innovation System» (Chief Business Development Officer) бизнесті дамыту жөніндегі бас директор (2012-2013); ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті (2013-2016); «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры (2016-2017).