22 Шілде, 10:24 527 0 Білгенге маржан Túrkistan Gazeti

Сегіз адамға найзағай түсті

АҚШ-тың Флорида штатындағы жағажайда сегіз адам найзағайдан жапа шекті.

Телеарнаның хабарлауынша, зардап шегушілердің бірі ауруханаға жеткізілген сәтте жүрегі соғысы тоқтаған, дәрігерлер науқасты өмірге қайтарудың бар амалын қарастырып бағуда, қазір ол хал үстінде жатыр.

Қалған жетеуі жеңіл жарақат алған, үшеуі ауруханаға жатудан бас тартқан.

Деректерге қарағанда, зардап шегушілердің екеуі – шетелдік турист.

Олардың қай елден келгендігі, ұлты әзірге ашып айтылған жоқ.

Ал найзағай соққандардың үшеуі – суда серуендейтін мотоциклдерді жалға беретін фирманың қызметкерлері.

Тэгтер найзағай жай

Соңғы жаңалықтар