18 Шілде, 13:22 337 0 Жаңалықтар Таңсұлу АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ

Рухани жаңғырудың екінші жылы

Еліміздің Тұңғыш президенті, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашақ­қа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдар­ла­малық мақаласы жарияланып, қоғамда қызу талқыланып келе жатқанына екінші жыл. Онда қоғамдық сананы жаң­ғыр­тудың нақты бағыттары айқындалып, ұлттық деңгейдегі ауқымды жобаға айналды. Оны қазақстандық қоғамның қазіргі және алдағы ұзақ мерзімді перспективасындағы идеологиялық платформа десе де болады. Өйткені қоғамдық сананы жаңғырту ортақ әлеуметтік қажеттілікпен тығыз байланысты. Қазақстан азаматтарының қоғамдық санасының мазмұны олардың мүдделері мен идеяларына, құндылық­та­ры­на байланысты болғандықтан, мәде­ниет, мінез-құлық, салт-дәстүр, ғылым мен білім, адамгершілігін қоса алғандағы рухани негіздерден бастау алады. Осы ретте бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, ғылым-білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму мен сана­ның ашықтығы өзіміз өмір сүріп отырған ғасырдағы ұлттық сананы жаң­ғыртудың басты бағытына айналып отыр. Сонымен қатар ҚР президенті жаны­нан құрылған Қоғамдық сананы жаң­ғырту бағдарла­ма­сын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия екі жылдан бері атқарылған іс-шараларды бақылап, бірнеше бағыт-бағдар ұсынған еді.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ ті­лін­дегі 100 оқулық», «Туған жер», «Қазақ­стан­ның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы қазақстандық мәдениет», «Қазақстандық 100 жаңа есім» сынды бағдарламалар бойынша көптеген шаралар өз нәтижелерін берді. Әсіресе, «Қазақ­стандық 100 жаңа есім» – «Рухани жаң­ғы­рудың» шын мәніндегі ауқымды жобасына айналды десек, артық айтқандық болмас. Қоғамдағы әр саланың көрнекті тұл­ғалары, яғни Тәуелсіздік жылдарында әр сала бойынша табысқа жеткен, елге танымал болған өз ісінің шеберлері анық­талып, одан сайын танымалдана түсті. Олар­дың іс-тәжірибелері алыс-жақын шетел­дік кәсіпкерлерді де қызықтыра түскені анық.

«Рухани жаңғырудағы» баса назар аударатын екі бағыт, ол – ұлттық код пен ұлттық мәдениет екені мақалада баса айтылғандықтан, бұл екеуі сақталмаса ешқашан рухани жаңғыру да болмайтыны да белгілі жағдаят. Сондықтан да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мен оны жүзеге асыру жұмысына барлық азаматтық қоғам өкілдерінің атсалысуы заңдылық. Бұл ретте еліміздің, мемлеке­ті­міздің болашағы үшін алдағы уақытта да бағдарламалық бағыт-бағдармен жұмыс істей беру мақсаты тұғырдан түспеуі қажет.

Т. Мирманова

 

Соңғы жаңалықтар