17 Шілде, 16:22 632 0 Туризм Túrkistan Gazeti

Маңғыстау мен Бесқаланың арасы...

Бүгін Бейнеу ауданының Тәжен ауылында «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы» бағытындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолының ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин және Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов қатысты. Бұл автожол «Ташкент-Самарқанд-Нүкіс-Бейнеу-Атырау-Астрахань» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі.

Жаңа жолмен қазақстандықтар Өзбекстан арқылы өзге елдерге шыға алатын болады. Орталық Азия елдерінен Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы Кавказ елдері мен Еуропа бағыты бойынша транзиттік автомобиль ағыны қалыптасады. БАҚ өкілдері қатысқақ автомагистралдың жалпы ұзындығы 85 шақырымды құрайды. Аталған тас жолдың құрылыс жұмыстарына 108 миллион АҚШ доллары жұмсалған.

Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталған болатын. Нысанға барлығы 381 адам, 155 бірлік техника жұмылдырылған.

«Мемлекетаралық маңызы бар осынау елеулі жоба Қазақстан және Өзбекстан елдерінің экономикалық дамуына үлкен серпіліс беріп, екіжақты ынтымақтастықтың артуына септігін тигізетін болады», - деді Асқар Мамин ашылу салтанатында.

Соңғы жаңалықтар