Жандос Дүйсембиев: Рақымшылық акциясы шағын және орта бизнеске серпін береді

Жандос Дүйсембиев: Рақымшылық акциясы шағын және орта бизнеске серпін береді

Жандос Дүйсембиев: Рақымшылық акциясы шағын және орта бизнеске серпін береді
ашық дереккөзі
Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегі бойынша 90 мыңнан астам салық төлеуші мемлекетке қарыз. Негізгі қаражат 210 млрд теңгеден асса, өсімпұл мен айыппұл көлемі 130 миллиардқа жеткен. Бір айта кетерлігі шағын және орта бизнес суюъектілер үшін салықтық рақымшылықтың ресми мерзімі 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Салық төлеушілердің бәрі салықтық рақымшылықты пайдалана ала ма және бұл акцияға шағын және орта бизнес субъектілері қаншалықты белсенді қатысуда? ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің директоры Жандос Дүйсембиев осы тектес сұрақтарға жауап берген еді. - Жандос Жұмабайұлы, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қарызды есептен шығару нәтижесін қалай бағалайсыз? Бұл процесс мемлекет бюджетіне оң әсер етуде ме? - Халықаралық тәжірибе және осының алдындағы отандық бағдарлама дәлелдегендей, рақымшылық – бұл салықтық міндеттеме жүгінен арылудың баламасы. Мұны салық төлеушілер пайдаланады. Дегенмен негізгі мақсат – бюджетті толтыру емес, бизнесті құқықтық алаңға қайтару, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда жұмыс орнын сақтау, шағын және орта бизнес саласындағы экономиканы сауықтыру. Ең маңыздысы, "Рақымшылық акциясы" шағын және орта бизнеске серпін береді. Бұл рақымшылықтың артықшылығы айыппұлды және күн сайын өсетін өсімпұлды 100 пайыз төмендету. Мемлекеттік кірістер органы рақымшылықтың қолданыс мерзімі ішінде, яғни 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін жағдайды реттеуге көмектесуге дайын. 2019 жылғы 1 шелдеде «Шағын және орта бизнес үшін салықтық рақымшылық» бағдарламасына салық бойынша 7,6 млрд.теңге негізгі қарызын өтеу арқылы 39 330 салық төлеуші қосылды. Олардың 2,1 млрд.теңге өсімпұлы және 180,6 млн.теңге айыппұлы есептен шығарылды. - БАҚ пен әлеуметтік желілерде жүргізіліп жатқан салықтық рақымшылықтың салыстырмалы әлсіз динамикасы талқылануда. Бұған дейін Комитет айтқан 210 млрд.теңгенің өтелгені 7 млрд. теңгеден сәл асады. Бұл фактіні қалай түсіндіресіз? - Шынында да салық төлеушілердің өтеген сомасы 2018 жылғы 1 қазан айында қалыптасқан бересінің жалпы сомасының не бары 3,6 пайызын құрайды. Алайда, мұны мұқият талдау керек және жұршылық назарына әрбір салық төлеушіге осы бағдарламаның қатысушысы болуына бірдей құқық берілгенін дұрыс жеткізу қажет. Рақымшылықтың іске қосылу уақыты салық төлеуден жалтаруға қарсы күрес бойынша жаһандық күш салуға сәйкес келеді. Барлық берешектердің шамамен жартысы (44,4%немесе 93,4 млрд.теңге) ҚҚС-қа тиесілі. Ал бұл ҚҚС есепке жатқызу бойынша «сұр» және «шеңбер» деп аталатын схеманы пайдаланатын жоғары тәуекелді салық түрі. Берешектің ең көп тараған құрылыс саласы, көтерме және бөлшек сауда және берешектің 60 пайызынан көбі қызмет көрсету саласына және тікелей немесе жанама түрде мемлекеттік сатып алу саласына (мердігерлер, субмердігерлер, әртүрлі деңгейдегі өнім берушілер және басқалар) тиесілі. Егер географиялық жағынан алып қарасақ, қарыздың елеулі түрде шоғырлануы салық түсімі көлемінің шоғырлануына сәйкес: Алматы қ. (13,5%), Шымкент қ. (13,4%) және Қарағанды облысында (13,8%). Жоғарыда біз негізгі қарызды өтеген кезде рақымшылыққа салық төлеушілердің қатысуының бірігей мүмкіндігі мен оның артықшылықтары туралы айттық, енді әлеуетті проблеманы және рақымшылықтың сәтті өтуі үшін Комитет қабылдап жатқан қадамдарды талдайық. Біріншіден, бүгінгі күнгі жағдай бойынша тарату, банкрот, жұмыс істемейтін және басқа да мәртебелерге ие тұлғалар бойынша берешектер деңгейінің жоғары болуы проблема болып табылады. Олардың саны 18 489 тұлға, жалпы бересі 136,1 млрд. теңге, немесе 01.10.2018 жылғы айтылған соманың 65 пайызы. Екіншіден, рақымшылық туралы хабарламаның өзі салық төлеушінің мінез-құлқына әсер етпейді. Салық төлеушінің бағдарламаға қатысуы туралы шешімі ресурсына және мақсатты бағытталған күшіне байланысты. Мысалы, рақымшылық етуге ықтимал түрде жататын адамдардың тізімінде салық берешегінің сомасы шамамен 700 млн. теңге құрайтын салық төлеуші бар делік. Бересі 2017 жылдың сәуір айында құралды. Салық төлеушіге қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары қолданылған, олар оны өтеуге алып келген жоқ. 2017 жылдың сәуірінен кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызмет жүргізген жоқ, салық есептілігін табыс етпеген, заңды мекенжайы жоқ және уәкілетті органдардың мәліметтері бойынша берешектерін өтеу үшін активтері де жоқ. Демек, аталған салық төлеуші бюджет алдындағы қарыздарын рақымшылық жасауға үміткер, бірақ әлі күнге дейін оның бағдарламада қатысуы күмәнді болып қалып отыр. Бұл салық төлеуші салықтарды төлеу жалтарудан табатын пайда мен шығындарын өзі таразылайтын жалпыға мәлім әлемдік тәжірибе. Кәсіпкерлердің бір бөлігі «тасада» қалады. Сондықтан, талқыланып отырған рақымшылықтың тиімділігіне қарамастан, Комитетінің алдында 3 міндетті орындау қалады: бұл салық төлеушілердің арасында түсіндіру жұмысы, салықтық бақылау мен салық төлеушілердің салық міндеттемелерін толық көлемде орындауын қамтамасыз ету. Хабарламалық сипаттағы жұмыс ұйымдастырылды, барлық мекенжайлар бойынша бағдарламаға қатысуға қабылдау үшін хабарлама жіберілді, 1-жартыжылдықта өңірлер бойынша көшпелі семинарлар жүргізілді және 2-жартыжылдықта өткізу де жоспарланған. - Рақымшылық салық төлеушілерге қашан нақты көмектескенін егжей-тегжейлі айтып бере аласыз ба? - Кім әлі «тасада» енжарлық танытып қалыпотырғандардан айырмашылығы сақтап қалуы екіталай бизнесті қайтажандандырудың оң мысалы болып отыр. Мен алдын атап өткендей, шамамен қырық мың салық төлеушілерборыштарын жою мүмкіндігін пайдаланды. Егер әрекет етпейтіндерді, банкроттарды алып тастаса, бұл борышкерлердің 50 пайыз артық. Олар бойынша өсімпұлдар, айыппұлдар есептен шығарылды және тиісінше, банк шоттарынан, мүлкінен және басқа да барлық шектеулер мен тыйым салулар алынып тасталды, яғни өз бизнесін әрі қарай жүргізуге толыққанды мүмкіндігіне ие болды. Ақтөбе облысы бойынша бір мысал келтіре кетейін. ЖШС кен өндіру өнеркәсібі саласында техникалық қызметтер жүзеге асырады делік және 1 қазандағы жағдай бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша өтелмеген 470 млн. теңге салық берешегі, оның ішінде бересі сомасы – 138,3 млн. теңге, өсімпұл негізгі қарыздан 3 есеге дерлік артық болды. Салық рақымшылығына қатысу нәтижесінде 138,3 млн. теңге төленген салық арқылы, салық төлеушінің 331,6 млн. теңге мөлшерінде өсімпұлы есептен шығарылды. Сіз мұндай соманы есептен шығару компанияның корпоративтік портфеліне оң әсер еткенін түсінетін боларсыз. Сараптамалық пікір бойынша «Шағын және орта бизнес үшін салық рақымшылығы» бағдарламасының қатысушыларының үлкен артықшылықтары бар. Әдістеме іс жүзінде қолданылса да борыштың негізгі сомасын өтеу салық төлеуші өтініш бермей өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруға алып келеді. Қажет болған жағдайда, егер Сіз өтелмеген берешекті тапсаңыз, мемлекеттік кірістердің жергілікті органына жүгініс жасауыңызға болады, онда Сіз борыштарды есептен шығару үшін қажетті есептеулер мен кеңес ала аласыз. Сонымен қатар, салық рақымшылығының тізіміне енбеген салық төлеушілер бойынша төлемдердің мерзімдерін ұзарту және кейінге қалдыру сияқты бюджетпен есеп айырысудың өзге де тәсілдері қолданылады.
  • Салық рақымшылығының ағымдағы жағдайы жөнінде егжей-тегжейлі талдау бойынша берген сұхбатыңызға рахмет!
  • Сөз соңында биылғы жыл ынтымақтастық, өзара сыйластықпен өтсе екен деймін. Біздің мемлекеттік орган салық саясатына байланысты туындаған мәселелерді шешу үшін жұмыс және жедел байланыстарға әрдайым ашық. Алда әлі 6 ай бар, жуық арада кәсіпкерлер тарапынан өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша жинақталған борыштық ауыртпалықты жоюға бағытталған толық жауап болар деп үміттенемін.

"TÚRKISTAN" газеті